Еліміздегі ең ірі кітап фестивалі Kitap Fest онжылдықты Алматыда атап өтуде
Мәдени астананың кітапқұмарлары екі күн ішінде Kitap Fest алаңында сегіз мыңнан астам кітап сатып алды. Екі күндік қала күнін мерекелеу аясында дайындалып жасалынған бағдарлама, Арбатта өтті. Айта кетейік, биылғы ең ірі кітап фестивалі өзінің мерейтойын – онжылдықты атап өтті. Осы уақыт ішінде бұл жоба кітапқа деген сүйіспеншіліктің символына айналып, елдегі кітап мәдениетін дамытуда үлкен рөл атқарды.
“Kitap Fest-тің басқа фестивальдерден айырмашылығы неде? Біріншіден, бұл Қазақстандағы жалғыз кітап фестивалі. Екіншіден, бұл тек кітап жәрмеңкесі ғана емес. Біз мәдениетті және оқуға деген сүйіспеншілікті насихаттаймыз. Біз оқуды танымал және өте қажет етеміз. Біз кітап сүйер қауымды, авторларды және әдебиет саласындағы жетекші сарапшыларды біріктірдік”, – деп атап өтті Kitap Fest фестивалінің негізін қалаушы Жұлдыз Омарбек.
Фестиваль қатысушылары екі күн ішінде көптеген интерактивті алаңдар: қазақстандық жазушылармен кездесулер, балаларға арналған қызықты шеберлік сыныптары, көрмелер мен зияткерлік байқаулар арқылы кітаптар әлеміне еніп үлгерді. Фестиваль барысында 70-тен астам кітап дүкендері мен баспалар қала тұрғындарына барлық талғамға сай кітаптар ұсынды. Сондай-ақ, жоба қатысушылары белгілі тұлғалармен кездесулер өткізіп, еркін форматта қазіргі әдебиеттегі трендтер туралы әңгімелесті.
Kitap Fest оқу мәдениеті жай хобби емес, тәрбие мен білім берудің маңызды элементі екенін тағы да көрсетті. Фестиваль тек мәдени мереке ғана емес, сонымен қатар білімді және оқитын қоғам құруға бағытталған маңызды қадам болды. Фестивальге келген көптеген адамдар мұндай оқиғалардың кітапқа деген қызығушылықтың артуына ықпал ететінін және жаңа жетістіктерге шабыттандыратынын растайды. Сондай-ақ, іс-шара Алматы Кітапханаларымен бірлесіп ұйымдастырылып, оқу мен әдебиетті дамытудағы серіктестіктің маңыздылығын атап өткен жөн.