Әйтеке бидің туғанына 380 жыл толуына орай №24 балалар кітапханасы «Қазақтың атақты биі – Әйтеке» ақпараттық сағатын өткізді.

Алматы Кітапханалары 14-18 қазан аралығында қызықты әрі мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырды. Бұл аптаның басты мақсаты — оқырмандарды кітап пен әдебиетке тарту, мәдениет әлеміне ену, сондай-ақ жастар мен балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту. Іс-шаралар барысында түрлі әдеби кездесулер, шығармашылық кештер, кітап талқылаулары және мастер-класстар өткізілді. Оқырмандар жаңа кітаптармен танысып, шығармашылық жұмыстарын көрсетіп, әдебиетке деген қызығушылықтарын арттырды.

Әйтеке бидің туғанына 380 жыл толуына орай №24 балалар кітапханасы №110 мектеп-гимназиясында «Қазақтың атақты биі – Әйтеке» ақпараттық сағатын өткізді. Шараның мақсаты — ел бірлігі мен әділдіктің үлгісі болған тарихи тұлғаның мұрасын дәріптеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау және ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру.Ақпараттық сағатқа мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушылары қатысты. Оқушыларға Әйтеке би туралы қызықты мәліметтер мен өмірбаянынан деректер ұсынылды. Шараның соңында балаларға шешендік өнердің маңыздылығы түсіндіріліп, ситуациялық сұрақтар қойылды, бұл олардың сөз тапқырлығын тексеруге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, Әйтеке бидің ғибратты ғұмырынан сыр шертетін көрме де ұйымдастырылды, ол көпшілік назарына ұсынылды.