«АЛМАТЫНЫҢ ЖАС ЖАЗУШЫСЫ – 2025» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ

ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

1.1. «Алматының жас жазушысы – 2025» қалалық жыл сайынғы байқауының ережесі (бұдан әрі – Ереже) байқаудың негізгі мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастыру тәртібін, қатысу шарттарын, ұйымдастыру комитетінің, қазылар алқасының және қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды.

1.2. Ұйымдастырушылар: Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ, Қазақстан Жазушылар одағы және балалар әдебиетін дамытуға жәрдемдесу қоғамдық бірлестігі «Өркен». Ұйымдастырушылар байқауға оның мақсаттары мен міндеттерін қолдайтын және өткізуге белсенді қатысатын басқа да заңды және жеке тұлғаларды тартуға құқылы.

  • Байқаудың мақсаттары мен міндеттері

2.1. Мақсаттары:

  • Балалар мен жасөспірімдер арасында оқу мәдениетін қалыптастыру, қатысушылардың сауаттылығын арттыру, Қазақстан және әлем әдебиетін зерттеуге баулу;
  • Балалар мен жасөспірімдердің көркем әдебиетті шығармашылық тұрғыдан оқу дағдыларын дамыту, олардың әдеби қабілеттерін ынталандыру;
  • Байқау қатысушыларының өздері жазған жаңа туындыларын насихаттау;
  • Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітап қорына қолжетімділік арқылы балалар мен жасөспірімдерді жазушылыққа дайындауға жағдай жасау;
  • Қоғамда оқу мәдениетін дамыту бойынша ел басшылығының тапсырмаларын жүзеге асыру.

2.2. Жобаның міндеттері:

  • Кітапқа, оқуға және өз шығармаларын жазуға қызығушылықты арттыру;
  • Белгіленген мерзімде Алматы қаласының аудандарында байқауды ұйымдастыру және өткізу;
  • Байқау туралы ақпаратты Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің оқырмандары арасында тарату;
  • Белгіленген мерзімде қалалық деңгейде байқау қорытындысын шығару.

3. Байқауды ұйымдастыру

3.1. Байқауды жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылар қазылар алқасының функциясын орындайтын Ұйымдастыру комитетін құрады (Қосымша №1).

3.2. Байқау кезеңдері:

I кезең – 2025 жылғы 11 наурыз – 9 сәуір – Байқауға қатысушылардың жұмыстарын қабылдау. 

II кезең – 2025 жылғы 10-21 сәуір – Байқау комиссиясының жұмыстарды тексеруі және бағалауы. 

III кезең – 2025 жылғы 21 сәуір – Байқау комиссиясының отырысы. 

IV кезең – 2025 жылғы 23 сәуір – «Ұлттық кітап күні» аясында жеңімпаздар арасында қалалық байқаудың қорытындысын шығару және салтанатты марапаттау рәсімі, іс-шара барысында жеңімпаздарға сыйлықтар, грамоталар табысталып, «Алматының жас жазушысы – 2025» атағы беріледі.

Жеңімпаздардың жұмыстары байқау ұйымдастырушыларының сайттарында жарияланады.

4. Жобаға қатысу шарттары

4.1. Байқауға 15-17 жас аралығындағы балалар қатыса алады.

4.2. Қатысушылар өтінімді (Қосымша №1) және жеке деректерді өңдеуге келісімді (Қосымша №2) ұсынуы қажет. Жұмыстар .doc, .docx форматында, 5-10 бет көлемінде, Times New Roman қарпімен, 12 өлшемде, жоларалық интервал – бір болуы тиіс. 

Өтінімдер мына мекенжай бойынша қабылданады: info@almatylibrary.kz

Анықтама үшін телефон: +7 705 906 1279 – Какимова Назерке.

4.3. Жыл сайын Байқау тақырыбы қазақстандық жазушылар мен олардың шығармаларына арналатын болады. 

2025 ж. Байқау тақырыбы – қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы Сапарғали Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орайластырылған. Осыған байланысты жазушының осы шығармаларының мотивтері негізінде фэнтези жанрында әңгімелер жазу талап етіледі. Толығырақ ақпаратпен Қосымша №4 танысуға болады.

4.4. Мәтін қазақ немесе орыс тілінде жазылуы қажет.

4.5. Жұмыстарға авторлар мен олардың жетекшілері туралы ақпарат қоса берілуі тиіс. Байқау аяқталғаннан кейін ашық ақпарат ретінде тек келесі деректер есептеледі: қатысушының аты-жөні, жасы, туған күні (жыл, ай, күн), тұрғылықты жері (елді мекен) және оқу орны, сондай-ақ жетекшілерінің (кітапханашылар, мұғалімдер және басқа тұлғалар) аты-жөні мен жұмыс орны. Аталған жеке деректер төмендегі мақсаттарда қолданылады:

– жобаға қатысушылардың тізімін жасау және жариялау, статистикалық есеп жүргізу

– байқаудың марапаттау құжаттарын әзірлеу және жіберу

– жобаның презентациялық/әдістемелік материалдарында, шығармашылық жұмыстар жинақтарында (баспа және электрондық форматта) пайдалану

– көрмелерге қатысуға ұйымдастыру.

4.6. Жұмыстар балалар шығармашылығының түрлі көрмелерінде, интернет желісінде (байқау ұйымдастырушыларының сайттарында), теле- және радио бағдарламаларда ұсынылуы мүмкін, сондай-ақ коммерциялық емес мақсатта Қазақстан Республикасының баспа БАҚ-тарында (толық немесе ішінара) жариялануы мүмкін.

4.7. Осы Байқауға қатыса отырып, авторлар өз еңбектерін ұйымдастырушылардың өз қалауы бойынша жариялауына автоматты түрде келісім береді.

5. Бағалау критерийлері және Қазылар алқасының жұмысы

5.1. Жұмыстарды бағалаудың негізгі критерийлері:

  • тақырыпқа сәйкестік,
  • өзіндік ерекшелік,
  • мазмұндылығы,
  • тақырыпты логикалық, жүйелі түрде ашу және мағыналық аяқталғандығы.

5.2. Қарастыруға қабылданбайтын жұмыстар:

  • плагиат немесе дұрыс көрсетілмеген дәйексөздер бар,
  • өңдеуден өтпеген, көп мөлшерде грамматикалық және фактілік қателері бар,
  • интернетте бұрын жарияланған,
  • белгіленген мерзімнен (дедлайннан) кеш тапсырылған.

5.3. Жұмыстарға пікір жазылмайды және қайтарылмайды.

5.4. Байқау ұйымдастырушылары тағайындаған қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын бағалап, үздік шығармаларды анықтайды және осы ақпаратты басқа ұйымдастырушыларға ұсынады.

6. Байқау жеңімпаздарын марапаттау

6.1. Байқау жеңімпаздары мақтау қағаздарымен, жүлделермен және «Ауданның жас жазушысы», «Алматының жас жазушысы – 2025» атақтарымен марапатталады.

6.2. Қатысушылардың тізімі байқау ұйымдастырушыларының сайттарында жарияланады.

6.3. Қазылар алқасы таңдаған үздік жұмыстардың авторлары марапатталады.

6.4. Байқауға қатысқан, бірақ іріктеуден өтпеген қатысушылар электронды форматта қатысушы сертификатын алады.

6.5. Қатысушылардың жетекшілері туралы ақпарат дипломдар мен сертификаттар мәтінінде көрсетіледі.

7. Ұйымдастыру комитетінің құқықтары мен міндеттері

7.1. Ұйымдастыру комитеті өтінім берушінің 4.1, 4.2, 5.2 тармақтарында көрсетілген талаптарды орындамаған жағдайда, оны байқауға қатыстырудан бас тартуға құқылы.

7.2. Ұйымдастыру комитетінің міндеттері:

– барлық қатысушыларға тең жағдай жасау

– байқаудың ашықтығын қамтамасыз ету

– осы Ережеде көрсетілген байқауды ұйымдастыру қағидаларының орындалуын бақылау

– осы Ережені, байқауды дайындау және өткізу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылу

7.3. Ұйымдастыру комитеті қатысушылардың үшінші тұлғалардың авторлық құқықтарын бұзғаны үшін жауап бермейді.

7.4. Қазылар алқасы келесі жағдайлар үшін жауапты:

– қазылар алқасы қабылдаған шешімдердің объективтілігі

– осы Ережеде белгіленген байқауды өткізу қағидаларының сақталуы

8. Байқауға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

8.1. Жоба қатысушыларының құқықтары:

– байқаудың шарттары, өткізілу тәртібі, мерзімдері мен шаралары туралы ақпарат алу

– осы Ереженің тармақтарына түсініктеме алу үшін Ұйымдастыру комитетіне жүгіну

– осы Ережеде қарастырылған жағдайларда байқау марапаттарын алу

8.2. Қатысушылардың міндеттері:

– шығармашылық-зерттеу жұмысын белгіленген мерзімде тапсыру

– осы Ережеде көрсетілген шығармашылық жұмыстарға қойылатын талаптарды орындау

– қатысушы анкетасында шынайы, нақты және толық ақпарат көрсету

9. Байқауды ұйымдастыруға жауапты тұлғалар және Ұйымдастыру комитетінің байланыс ақпараты

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Қазақстан Жазушылар одағы

“Өркен” балалар әдебиетін дамыту қоғамдық қоры

“Алматының жас жазушысы – 2025”

байқауына әңгіме жазу тапсырмасы

Өз әңгімеңді жазу үшін байқау қатысушысына келесі шарттарды орындау қажет:

  • Алматы қ. ОКЖ кез келген кітапхана-бөлімшесіне бару.
  • Кітапхананың оқу залына келіп, Сапарғали Бегалиннің екі әңгімесін оқу: «Алданған жолбарыс» (орыс тіліне аударылған нұсқасы – «Сеид»), «Жас бұтақ» (орыс тіліне аударылған нұсқасы – «Яблоня дедушки»).

Тапсырма

Өзіңді мына жағдайда елестет: сен әңгімені оқып отырғанда, кенет айнала қараңғыланып, найзағай жарқылдап, ғажайып оқиға орын алады – сен уақыт машинасымен өткен ғасырға (1920-1960 жылдарға) сапар шегесің. Бір сәтте С. Бегалин әңгімелерінің кейіпкерлері тіріліп, сен олардың қасында – орманда, үйлерінде, бақта және басқа да жерлерде боласың.

Бұл тылсым уақыт саяхатында сен әңгіме кейіпкерлерімен танысып, жаңа достарыңа өзің туралы айтып бересің.

Әңгімеңде келесі сұрақтарға жауап беруің қажет: сен кімсің, қайдан келдің, немен айналысасың, әңгіме кейіпкерлерінің арасына қалай тап болдың және оларға қалай көмектесе аласың? Әңгімеңнің соңында сен осы ерекше сапардан оянып, өз өмірің туралы ойланып, кеше ғана болған өзіңнен қандай өзгерістер күтер едің деген ой түйесің.

Байқау ұйымдастырушылары сенің жаңа қызықты сюжет ойлап табатыныңа сенімді, ал Сапарғали Бегалиннің әңгімелері саған шабыт сыйлайды!

Біз бұл тізімді саған еркін оқу үшін ұсынамыз:

  1. Ягнята Нурмана
  2. Поток / Сел
  3. Любовь птички к родным местам 
  4. Мектеп бағында
  5. Ермектін алмасы
  6. Жеткіншек
  7. Шығармалары
  8. Таңдамалы
  9. Сәтжан
  10. Жеткіншектер
  11. Қыран туралы аңыз 

Жетекшілер мен байқауға қатысушыларға ақпарат

Құрметті жас жазушылар! Біз сіздерді құшақ жая қарсы аламыз және Байқауымызда жеңіске жетуіңізге тілектеспіз!

«Алматының жас жазушысы – 2025» атағын алу – үлкен мәртебе!

Жеңіске жету үшін жұмысыңызды қызықты әрі түсінікті етіп ұсыну маңызды. Қазылар алқасына және болашақ оқырмандарға сіздердің ойларыңыз бен пайымдауларыңызды оқу қызықты болуы керек.

Егер сіз жақсы әңгімелеуші болсаңыз, алдымен біреуге өз материалыңызды айтып беріңіз (немесе өзіңізге айтып тұрғандай елестетіңіз), содан кейін ғана жазып, өңдеңіз. Дайын жұмысты басқа біреуге оқытып көріңіз – мұндай «тәуелсіз сараптама» оның оқырман үшін қаншалықты қызықты болатынын көрсетеді.

Жұмысыңыздың сауатты және ұқыпты безендірілуіне мән беріңіз – бұл сіздің еңбегіңізге деген құрметтің белгісі.

Байқау ережелерінде көрсетілген барлық талаптарды сақтаңыз.

Қосымша құжаттарсыз жіберілген жұмыстар қабылданбайды!

Сіздің жұмысыңыз шынайы болуы керек, бірақ оның мазмұны мен безендірілуінде шығармашылық тапқырлығыңызды көрсетуіңіз қажет.

Сізге шығармашылық табыс, тың идеялар мен жаңа ашылулар тілейміз!