Жамбыл атындағы кітапханасындағы «қытай әдебиеті бұрышы»

30 наурызда Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында Қытай мемлекетінің Ляньюнган қаласы үкіметінің қолдауымен «қытай әдебиеті бұрышының» салтанатты ашылуы өтті. Бұл іс-шараның басты мақсаты көршілес ҚХР мен ҚР арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды дамыту болып табылады. Іс-шараға Ляньюньган қаласы әкімінің орынбасары Ян Синь чжун мырза бастаған делегация мүшелері қатысты.

Бүгінгі таңда мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын ескере отырып, Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі өз қызметінің басым бағыттарының бірі ретінде – халықаралық байланыстарды жолға қойып, өзара ынтымақтастықты нығайтуға зор маңыз беріп отыр.

Аталған іс-шараға Ян Синьчжун – Ляньюньган қаласы мэрінің орынбасары, Хуэй Цянь – Ляньюньган қалалық халықтық өкіметтің сыртқы істер кеңсесінің меңгерушісі, Ян Лун – Ляньюньган қалалық порты корпорациясының басқарма Төрағасы, Чжан Чжаохуа – Ляньюньган қалалық коммерция басқармасы бастығының орынбасары, Чжао Тао – Ляньюньган қалалық халықтық өкіметі кеңсесінің меңгерушісі, Су Цзюнь – Ляньюнь аудандық комитеті хатшысының орынбасары, Ляньюньган қаласындағы ШЫҰ халықаралық логистика ауданы басқармасы комиссиясы меңгерушісінің бірінші орынбасары, Цао Хайся – Ляньюньган қаласындағы аудармашылық қызмет көрсететін орталықтың аудармашысы, Ван Пэйлун – Халықаралық  “Биньли” сауда ЖШС Бас директорының орынбасары, Чжан Инъин –Халықаралық “Биньли” сауда орталығы ЖШС сыртқы сауда құжаттарын рәсімдеу бөлімінің директоры, Ван Пэн – “Цзинь Доу Юнь” ЖШС тауар жеткізу басқармасының Төрағасы, Цяо Цзяньго – “Бо Ло” ЖШС цифрландыру бойынша Бас директоры, алматылық  блогерлер, зиялы қауым өкілдері және оқырмандар қатысуымен өтті.