Ертегі әлеміне кітап пен экран арқылы: Алматы кітапханасында балғындарға арналған мереке өтті

29 шілде күні Алматы қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты №4 кітапхана-филиалында ең кішкентай оқырмандарға арналған нағыз мереке өтті. «Кітап оқимыз — мультфильм көреміз» ұранымен өткен бұл қызықты шара заманауи анимациялық фильмдерге арналды.

Кітапхананың қонақтары №10 балабақшаның тәрбиеленушілері болды. Балғындар кітаптар әлемімен танысып, мейірімді мультфильмдер тамашалады, көңілді ойындар ойнап, шығармашылық сурет салуға қатысты. Кездесу соңында балаларға кітаптар мен альбомдар сыйлыққа табыс етілді.

Мұндай шаралар балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін ерте жастан қалыптастырып, қиялын дамытады және кітапханамен алғашқы таныстықтан жылы естеліктер қалдырады.