«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына өтінім қабылдау жалғасуда

35 жасқа дейінгі қазақстандық жастар 10 номинация бойынша мемлекеттік жастар сыйлығына үміткер бола алады. Құжаттар 17 қыркүйекке дейін қабылданады.
Қазақстанда ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет және спорт салаларында жоғары нәтижеге қол жеткізген дарынды жастарға берілетін «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына өтінім қабылдау жалғасуда.
Биыл конкурс «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада», «Халық шығармашылығы» атты 10 номинация бойынша өтеді.
Сыйлыққа халықаралық және республикалық деңгейдегі байқаулар мен фестивальдердің лауреаттары, спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ аталған салалар мен тұтастай қоғамды дамытуға үлес қосқан Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейінгі азаматтары үміткер бола алады.
Кандидатураларды орталық, жергілікті және өзге де мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер және Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген басқа да заңды тұлғалар ұсынады.
Жеңімпаздарға «Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріліп, диплом, төсбелгі және қаржылай сыйлық табысталады.
«Дарын» жастар сыйлығы 1992 жылы тағайындалған. Осы жылдар ішінде түрлі саладағы 380-дан астам азамат сыйлық иегері атанды.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 17 маусым – 17 қыркүйек аралығы, қоса алғанда.
Құжаттарды тапсыру мекенжайы: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 14-кіреберіс.
Электронды пошта: daryn2026kz@gmail.com
Анықтама телефондары: 8 (7172) 74-05-25, 8 (7172) 74-18-43 (жұмыс күндері, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін).
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының қағидасы: https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/861853?lang=kk