Қала күніне орай Жібек жолы көшесі бойында «Kitap Fest» кітап жәрмеңкесі өтеді

19-20 қыркүйек аралығында Алматыда Қала күніне орай Мәдениет басқармасының қолдауымен қалалық кітапханалардың ұйымдастыруымен Арбат алаңында «Кітап Fest» кітап жәрмеңкесі өтеді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қала тұрғындары арасында кітап оқуға қызығушылықты арттыру, оқу мәдениетін дамыту және кітапты қолжетімді форматта көпшілікке ұсыну.
«Кітап Fest» аясында 60-тан аса баспаның қатысуымен кітап жәрмеңкесі және ақын-жазушыларға арналған қаламгерлер шатырында кездесулер ұйымдастырылады.
Баршаңызды 19-20 қыркүйек күндері сағат 10:00–18:00 аралығында Арбат алаңында күтеміз.
Әдебиет пен мәдениет тоғысқан ерекше мерекеде жүздескенше!