Қоғамдық кеңесі мүшелері кітапханаларды аралады
Бүгін Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшелері бірқатар қалалық кітапханаларда болды.
«Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ директорының орынбасары Диас Шамгунов Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге кітапхана мекемелеріне экскурсия жүргізіп, жұмыстың негізгі бағыттары мен кітапхана жүйесін одан әрі дамыту жоспарлары туралы айтып берді. Мониторинг барысында 3 кітапхананың, атап айтқанда, №14 кітапхана-филиалы, №39 кітапхана-филиалы, С. Бегалин атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасының жұмыстары таныстырылды.
Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, мәдениет, спорт, дін, жастар және қоғамды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Марлен Жақсыбекұлы Рысбеков қала тұрғындары үшін кітапханалардың қолжетімділігі, олардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, кадрлар құрамының жасақталуы, осы сала қызметкерлерінің әлеуметтік жағынан қорғалуы мәселелерін егжей-тегжейлі зерделеп, осы саладағы мемлекеттік саясатты іске асырудағы кітапханалардың маңызды рөлін атап өтті. Қоғамдық кеңес мүшелерінің Алматы қаласының кітапханаларына аралауы олардың қаладағы мәдениет пен білімнің жай-күйін зерделеу жөніндегі жұмыстарының бір бөлігі болып табылады. Алынған ақпарат негізінде осы мекемелердің жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірленетін болады.