Бейімбет Майлин «Шұғаның белгісі»
Бұл кітапқа Бейімбет Майлиннің проза жанрындағы алғашқы туындысы —”Шұғаның белгісі” хикаяты мен ауыл адамдарының жаңа тұрмысқа көшуінің қиын процесін бейнелейтін әңгімелері енген. Оның қаламынан туған көптеген әңгімелер халық өмірінің сан қилы саласын барлайды, қоғамдық құрылыстағы жаңалық пен ескілік арасындағы бітімсіз тартыстың ішкі сырын терең ашып көрсетеді. Бейімбет Майлиннің шығармалары идеялық-көркемдік деңгейімен қазақ прозасының інжумаржанына айналған.
Беттер саны 264