Қалай өзін-өзі қызмет көрсететін автономды кітапхананы пайдалануға болады?
Автономды өзіне-өзі қызмет көрсету кітапханалары кітаптарға кітапханашы көмегенсіз ыңғайлы және жылдам қол жеткізуді ұсынады.
Басты экранда екі батырма бар: Кіру және Каталог. “Каталог” батырмасын басып, қазіргі уақытта аппаратта қандай кітаптар бар екенін көре аласыз. “Кіру” түймесі авторизация мәзіріне өткізеді.
Қалай кіруге болады?
Аппараттың функцияларын пайдалану үшін оқырман билетін төмендегі оқырман тіркеу құрылғысына жақындату қажет. Егер кіру сәтті аяқталса, үш батырмадан тұратын мәзір пайда болады:
- Жеке кабинет
- Шығу
- Қайтару/Алу
Қайтару/Алу. Кітапты алу немесе қайтару үшін “Қайтару/Алу” батырмасын басу керек. Аппараттың есіктері ашылады, оларды жылжытуға болады. Сізді қызықтыратын кітапты таңдаңыз. Кітаптаржың берілу мерзімі – 15 күн.
Маңызды: Оқырман бір уақытта үш кітапқа дейін ала алады Оқырман бұрын алған кітаптарды қайтармай, жаңа кітаптарды ала алмайды. Кітапты қайтару да “Қайтару/Алу” батырмасын басу арқылы жүзеге асырылады. Экранда алған немесе қайтарған кітаптардың тізімі пайда болады және есіктер жабылады. Есіктердің жабылуына кедергі жасауға болмайды, өйткені бұл аппараттың бұзылуына әкелуі мүмкін. Егер сіз кітапты ала алмасаңыз, операцияны қайтадан қайталаңыз. Барлық операциялар аяқталғаннан кейін, электронды поштаңызға чек көшірмесін (құжаттарды тіркеу кезінде көрсеткеніңізді тексеріңіз), немесе қағаз түрінде чек алуға болады.
Жеке кабинет. “Жеке кабинет” түймесін басқан кезде Сіздің оқырман кабинетіңіз ашылады, онда қазіргі уақытта сізде тұрған кітаптар және оларды қайтару мерзімдері көрсетіледі.
Әр кітаптың қасында “Ұзарту” батырмасы болады, ол кітапты қайтадан 15 күнге дейін пайдалану мерзімін ұзартады. Бұл функция сіз кітапты оқып үлгермеген жағдайда қажет.
Оқырман билеттерін алу
Автономды өзіне-өзі қызмет көрсету кітапханасын пайдалану үшін оқырман билеті болуы қажет. Оны кез-келген Алматы Кітапханалар бөлімшесінен алуға болады.
Оқырман билетін тек Алматы қаласында тіркелген толық жасқа толған азаматтар ала алады.
Билетті қалай алуға болады:
• Ең жақын бөлімшеге хабарласыңыз (тізімді almatylibrary.kz сайтынан табуға болады).
• Тіркеу формасын толтырыңыз.
• Жеке деректерді өңдеуге және сақтауға келісім беріңіз.