Akbota
Қайым Мұхамедхановтың 110 жылдығына арналған әдеби кеш өтті
Бүгін Мұхтар Әуезов атындағы кітапханада көрнекті ғалым, абайтанушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Ұстаз бен шәкірт. Мұхтар мен Қайым. Рухани сабақтастық» атты әдеби кеш өтті. Әдеби кешке ғалымның қызы, Білім берудің халықаралық дамуы саласындағы ғылым докторы, профессор, «Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет» орталығының директоры Дина Қайымқызы Мұхамедхан, қоғам және мәдениет қайраткерлері, белгілі ғалымдар, әдебиеттанушылар, сондай-ақ Қайым Мұхамедхановтың шәкірттері мен ізбасарлары қатысты. Іс-шара аясында ұйымдастырылған «Қайым Мұхамедханов: Абайдың інісі, Алаштың ірісі» атты кітап көрмесіне Мұрат Әуезовтің жеке қорындағы және «Қайым Мұхамедханов атындағы білім...
«Қайым Мұхамедханов – ұлт руханиятының шамшырағы»
2026 жылдың 21 қаңтар күні Қазақстан Жазушылар кітапханасында ғалым, абайтанушы, қоғам қайраткері Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Ұлт руханиятының шамшырағы – Қайым Мұхамедханов» атты дөңгелек үстел өтті. Іс шара Қайым Мұхамедхановтың ғылым жолындағы еңбегін саралау, ғалым есімін дәріптеуге бағытталған. Іс-шараға профессор, PhD доктор, «Қайым Мұхамедханов атындағы Білім және мәдениет орталығы» қоғамдық ұйымының директоры Дина Мұхамедхан, әдебиеттанушы-ғалым, профессор Серікқазы Қорабай, әдебиеттанушы-ғалым, ф.ғ.д., профессор Гаухар Балтабаева, Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институтының директоры, ф.ғ.д., профессор Алуа Таңжарықова, доцент, тарих ғылымдарының кандидаты, Қайым Мұхамедханов туралы еңбектердің авторы Найля Тажикбаева, ақын, жазушы, Қайым...