Akbota
Алматыда Сапарғали Бегалиннің 130 жылдығына орай оның еңбегі туралы айтылды
Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында белгілі балалар жазушысы, фольклорист және қоғам қайраткері Сапарғали Ысқақұлы Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына арналған брифинг өтті. Іс-шараға жазушының немересі Гүлнар Бегалина, сондай-ақ С. Бегалин атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасының басшысы Алма Қонарова қатысты. Брифингте сөз сөйлеген Гүлнар Хамитқызы Бегалиннің тұлғасы қазақ әдебиеті мен ХХ ғасыр мәдениеті тарихында ерекше орын алатынын атап өтті. «Біздің отбасымыз үшін ол – тек жазушы және ғалым ғана емес, сонымен қатар дана, мейірімді Сапеке-ата. Ол ең қиын жылдары да ішкі жарығын сақтай білді», - деді ол. Спикер Сапарғали Бегалиннің...
Шекарасыз кітапханалар: Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін жаңа форматтағы кітапханалар бойынша баспасөз туры өтті
Алматыда жаңа буынның тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханаларына арналған баспасөз туры өтті. БАҚ өкілдері мен журналистер қалалық кітапханалардың заманауи, технологиялық әрі жайлы мәдени кеңістікке қалай айналып жатқанымен танысты. Қатысушылар Алматы Кітапханаларының үш бөлімшесінде болды — Alatau Creative Hub орталығы, Мұхтар Әуезов атындағы кітапхана және Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы. Кітапханалар бүгінде тек кітап сақтау орны емес, кез келген уақытта келіп оқу, жұмыс істеу, шығармашылықпен айналысу және демалу мүмкіндігі бар ашық мәдени орталыққа айналған. Журналистердің ерекше назарын Alatau Creative Hub орталығында орнатылған өзіне-өзі қызмет көрсету станциясы аударды. Бұл құрылғының көмегімен оқырмандар...