redactor redactor
Іскерлік Кездесу
16 маусым күні Алматы Кітапханаларына қарасты «ALATAU CREATIVE HUB» инновациялық Орталығында Түркия Республикасының Қазақстандағы елшісі Мұстафа Капуджу мен Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Али Рыза Акынджының және Алматы Кітапханаларының директоры Мейрам Еркенұлы Бектембаевтың қатысуымен кездесу болып өтті. Кездесу барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы өзара мәдени ынтымақтастық мәселелері талқыланып, Орталықта «Түрік әдебиеттерінің бұрышы» мен түрік тілін үйрену бойынша тегін курстар ашу, өзге де бағыттағы (музыка, IT- технологиялар және т.б.) оқу курстарын ашу жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.
Түркия Республикасының бас Консулымен кездесу
Бүгін Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Консулдықтың шақыртуымен, Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Мейрам Бектембаев Бас Консул Али Рыза Акынджымен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени байланыстарды дамыту жөнінде өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Alatau Creative Hub орталығында түрік тілін үйрену бойынша тегін курстар, өзге бағыттар (музыка, ІТ-технологиялар және т.б.) бойынша оқыту курстарын ашуға уағдаласты. Сонымен қатар, кітапханада түрік әдебиетінің бұрышы ашылады. Түрік халқының әдебиеті мен өнері жайында танысқысы келетіндердің барлығына қолжетімді болады. Кітапхана жүйесіне 2000 дана кітап Түркия Консулдығы сыйға тапсырады.
Алматы Кітапханаларына қарасты А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханада Алматы қаласы Мәдениет басқармасы құрамындағы мекемелер басшыларының қатысуымен тыңдалым өтті
Алматы Кітапханаларына қарасты А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханада 8 маусым күні Алматы қаласы Мәдениет басқармасы құрамындағы мекемелер басшыларының қатысуымен тыңдалым өтті. Жиын барысында 2022-2023 жылдардағы атқарылатын жұмыстар талқыланды. Алматы Кітапханаларының директоры Мейрам Еркенұлы Бектембаев кітапханалардың қызмет барысы, алдағы жұмыстардың басым бағыттары туралы жоспарларымен бөлісіп, баяндама жасады. Аталған жиынға Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің Төрағасы, орынбасары, кеңес мүшелері, халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Айдарұлы Майлибаев арнайы қатысты.