Іскерлік Кездесу

16 маусым күні Алматы Кітапханаларына қарасты «ALATAU CREATIVE HUB» инновациялық Орталығында Түркия Республикасының Қазақстандағы елшісі Мұстафа Капуджу мен Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Али Рыза Акынджының және Алматы Кітапханаларының директоры Мейрам Еркенұлы Бектембаевтың қатысуымен кездесу болып өтті.
Кездесу барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы өзара мәдени ынтымақтастық мәселелері талқыланып, Орталықта «Түрік әдебиеттерінің бұрышы» мен түрік тілін үйрену бойынша тегін курстар ашу, өзге де бағыттағы (музыка, IT- технологиялар және т.б.) оқу курстарын ашу жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.