redactor redactor
Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулымен кездесу
Бүгін Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы консулдығының шақыртуымен, Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Мейрам Бектембаев Бас Консул Али Рыза Акынджымен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени байланыстарды дамыту жөнінде өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, Alatau Creative Hub орталығында түрік тілін үйрену бойынша тегін курстар, өзге де бағыттар (музыка, IT- технологиялар және т.б.) бойынша оқу курстарын ашуға уағдаласты. Сонымен қатар, кітапханада түрік әдебиетінің бұрышы ашылады. Түрік халқының әдебиеті және өнерімен танысқысы келетіндердің барлығына қолжетімді болады. Түркия Консулдығы кітапхана жүйесіне 2000 дана кітапты сыйға тартылатын болады.
ЦЕНТРАЛЬНАЯ ГОРОДСКАЯ БИБЛИОТЕКА ИМ.А.ЧЕХОВА
Адрес: Алмалинский район, ул.Гоголя, 109 (расположена на первом этаже четырехэтажного жилого дома). Дата открытия: 1931 год. Модернизация: 2020 год. Площадь: 1572,6 кв.м. Фонд: 333 316 экз. книг. Кружки и клубы: курсы обучения интеллектуальной игре ГО; клуб компьютерной грамотности для песионеров.
“Мейірімділік жүректен” атты акциясы
28 сәуір күні "Мейірімділік жүректен" атты акция аясында Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері Алматы қаласындағы қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау Орталығына барды. Тәрбиеленушілерге ерекше көңіл күй сыйлап, балаларға кітаптар, спорттық жабдықтар, кеңсе тауарлары берілді.