Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулымен кездесу

Бүгін Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы консулдығының шақыртуымен, Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Мейрам Бектембаев Бас Консул Али Рыза Акынджымен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени байланыстарды дамыту жөнінде өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, Alatau Creative Hub орталығында түрік тілін үйрену бойынша тегін курстар, өзге де бағыттар (музыка, IT- технологиялар және т.б.) бойынша оқу курстарын ашуға уағдаласты.

Сонымен қатар, кітапханада түрік әдебиетінің бұрышы ашылады. Түрік халқының әдебиеті және өнерімен танысқысы келетіндердің барлығына қолжетімді болады. Түркия Консулдығы кітапхана жүйесіне 2000 дана кітапты сыйға тартылатын болады.