Мәдени көпір құру: Қазақстан және Тәжікстан
Қазіргі таңда байланыс құралдары мен жедел ақпараттың тез алмасуының арқасында әлемде мәдени алмасу мен ұлттар арасындағы достық бұрынғыдан да маңызды бола бастады. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Тәжікстан Республикасының Мәдениет күндері аясында бүгін бауырлас екі елдің мәдени салаларының өкілдерін біріктірген бірегей іс – шара-дөңгелек үстелдің куәсі болдық.
Айтулы шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Асхат Раздықұлы Оралов мырза мен Тәжікстан Республикасының Мәдениет министрі Зульфия Давлатзода ханым, сондай-ақ екі елдің Жазушылар Одағының көрнекті мүшелері қатысты.
Бұл іс-шараның мақсаты мәдени алмасуды тереңдету және өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайту үшін Қазақстан мен Тәжікстан арасында мәдени көпір құру болды.
Маңызды сәттердің бірі – мәдени мұраны сақтау мен насихаттауда тәжірибе алмасу. Біздің мәдени және тарихи болмысымыздың байлығын сақтау және болашақ ұрпаққа жеткізу үшін мұражайлар, мұрағаттар мен кітапханалар арасындағы байланысты нығайту жолдары талқыланды.
Іс-шара мәдениет, өнер және әдебиет саласындағы жаңа бастамаларды ұсынуға арналған алаңға айналды. Олар әдеби шығармалармен алмасу, бірлескен мәдени іс-шаралар мен фестивальдар туралы талқылады.
Қазақстандықтар мен тәжіктердің бір-бірімен кездесудегі қонақжайлылығы мен жылы лебізі олардың тығыз әрі нәтижелі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.