Алматы Кітапханаларының филиалы (Омаров к, 75а)

О филиале

Алматы қаласының Жетісу ауданындағы Құлагер шағынауданында орналасқан кітапхана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың оқу мәдениетін дамытуға және қоғамның зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған «Оқитын ұлт» бастамасы аясында ашылды.

Аумағы 551 шаршы метрді құрайтын заманауи кеңістікте кітап оқу, білім алу, жұмыс істеу, шығармашылықпен айналысу үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда компьютер залы, тыныш оқу аймақтары, балаларға арналған кеңістік және коворкинг жұмыс істейді. Сондай-ақ кездесулер, пікірталастар, шығармашылық іс-шаралар мен үйірмелер өткізуге арналған арнайы алаңдар қарастырылған.

Кітапханада қолжетімді орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген. Көру қабілеті нашар және зағип келушілер үшін арнайы жұмыс орындары жабдықталған. Брайль қарпімен жұмыс істеуге арналған құралдар, ақпаратты дыбыстайтын экрандық қолжетімділік бағдарламалары және бейімделген интерфейстер қарастырылған.

Қор мен келушілер саны:

Кітапхананың кітап қоры 14 000-нан астам дананы құрайды. Кітапхана бір мезетте 100 адамды қабылдауға арналған және барлық жастағы оқырмандарға қызмет көрсетеді.

Мекенжайы: Алматы қаласы, Құлагер шағынауданы, Омаров көшесі, 75а.

Жұмыс уақыты: күн сайын сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін.

 

 

 

 

 

Алматы Кітапханаларының филиалы (Омаров к, 75а)