Алматы Кітапханаларының филиалы (ТК Қонаев аумағы, 336/37)

О филиале

Алматы қаласының Түрксіб ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамда кітап оқу мәдениетін дамытуға және зияткерлік әлеуетті арттыруға бағытталған «Оқитын ұлт» бастамасы аясында ашылды.

Жаңа қалалық кітапхана – тұрғындардың кітап оқуына, білім алуы мен бос уақытын мазмұнды өткізуіне арналған осы заманғы мәдени-ағартушылық кеңістік.

Қор мен келушілер саны:

Кітапхананың жалпы ауданы 340 шаршы метр, кітап қоры 10 мыңнан астам басылымды қамтиды.

Мұнда оқырмандардың жас ерекшелігі мен қызығушылығы ескеріліп, қазақ, орыс пен шет тілдегі көркем әдебиет, балалар әдебиеті, танымдық және ғылыми-көпшілік басылымдар, сондай-ақ түрлі жанрдағы замандық кітаптар ұсынылған.

Заманауи технологиялар

Келушілер үшін жайлы оқу залы, кітаптарды үйге алып оқуға мүмкіндік беретін абонемент бөлімі, балаларға арналған аймақтар, компьютерлермен жабдықталған жұмыс орны, арнайы құрылғылар және кітаптарды өз бетінше алып, қайтаруға арналған «ақылды сөрелер» қарастырылған. Заманауи технология кітап алу және қайтару үдерісін оқырмандар үшін барынша ыңғайлы әрі жылдам етеді.

Мекенжайы: Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Қонаев атындағы бау-бақша кооперативінің аумағы, 336/37.

Жұмыс уақыты: күн сайын сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін.

 

Алматы Кітапханаларының филиалы (ТК Қонаев аумағы, 336/37)