1 наурыз – Алғыс айту күні!
Қадірлі қазақстандықтар!
1 наурыз- Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі.
Қазақстан халқы бұл мейрамды алғаш рет 2016 жылы атап өтті. Бірліктің арқасында біздің еліміз күн сайын дамып келе жатыр.
Мен жақындарыма, достарыма және әріптестеріме әрдайым
қолдау, түсіністік пен құрмет танытып келе жатқандарына шынайы өз ризашылығымды және алғысымды білдіргім келеді!
Құрметті оқырмандарымызға кітапқа деген сүйіспеншілігі және мәдени қоғамымыздың дамуына қосқан үлесі үшін Алматы Кітапханалары атынан алғыс айтамын.
Отанымыз гүлденіп көркейе берсін, әр шаңырақ қуанышқа бөленіп, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!