10 тамыз – Абай күні: Алматы Кітапханалары Абай күніне орай бірқатар мәдени іс-шаралар ұйымдастырады

10 тамыз күні Қазақстанда ұлы ақын, ойшыл, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ағартушы әрі қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлының туған күні атап өтіледі. Осы мерекеге орай 7–10 тамыз аралығында Алматы Кітапханаларында ақынның мол мұрасын дәріптеуге бағытталған әдеби-танымдық және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Бағдарлама аясында әдеби жыр кештері, Абай оқулары, әдеби-сазды кештер, поэтикалық кештер, танымдық сағаттар, дөңгелек үстелдер, әдеби подиум және портрет кеші өтеді.
Мерекелік іс-шаралар Абайдың әдеби, музыкалық әрі рухани мұрасын насихаттауға, сондай-ақ өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтарға баулуға бағытталған.
Назарларыңызға Алматы қаласында Абай күніне орай өтетін негізгі іс-шараларды ұсынамыз.
7 тамыз
10:00, №6 кітапхана (Татарская көшесі, 32) – «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» әдеби жыр кеші.
10:00, Қазақстан Жазушылар кітапханасы (11-ш/а, 37) – «Абай оқулары – 2026» поэзия кеші.
11:00, №24 кітапхана (4-Айнабұлақ ш/а, 174) – «Адамзаттың алыбы – хакім Абай» әдеби-сазды кеш.
10 тамыз
11.00, №14 кітапхана (Римский-Корсаков көшесі, 3) – «Абай мұрасы – ұлттың рухани қазынасы» танымдық сағат.
11:00, №29 кітапхана (Орбита-4, 10) – «Ұлы дала үні – Абай» әдеби-сазды кеш.
11:00, Мұхтар Әуезов атындағы кітапхана (Абай даңғылы, 141)– «Абай мұрасы және қазіргі жастар: рухани жаңғыру мен жаңа көзқарас» дөңгелек үстел.
11:00, Alatau Creative Hub орталығы (Нұркент ы/а, 5/11) – «Абай сөзі – ұрпаққа аманат» поэтикалық кеш.
12:00, Наурызбай ауданының Комьюнити-орталығы (Шұғыла ықшамауданы, 340 Б) – «Абай оқулары» әдеби кеші.
14:00, №1 кітапхана (Л. Толстой көшесі, 36) – «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе…» әдеби подиум.
14:00, №32 кітапхана (Достық даңғылы, 42Б) – «Абай» күні. «Абайды оқы, таны, үлгі ал!» портрет кеші.
14:00, Алматы Кітапханаларының филиалы (Розыбакиев 247/7) – «Хакім Абай – ұлт руханиятының темірқазығы» атты әдеби-сазды кеш.