И.А.Крылов атындағы қалалық Балалар Кітапханасында Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты мерекелік кеш өтті.

16 қазан күні сағат 13:00-де И.А.Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты мерекелік кеш өтті.
Кештің мақсаты – қазақтың көрнекті қаламгері Б.Соқпақбаевтың бай мұрасын дәріптеу, жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды жеткізу, жазушының шығармалары арқылы балалар әдебиетіне қызығушылықты арттыру.