Кітаптардың тұсаукесері мәдениет басқармасының басшысы Ғ. Майлибаевтың қатысуымен өтті

2021 жылдың 9 желтоқсанында TURKSOY халықаралық ұйымының қолдауымен шыққан кітаптардың тұсаукесері мәдениет басқармасының басшысы Ғ. Майлибаевтың, белгілі жазушылар мен ақындардың қатысуымен өтті.

Тұсаукесер «ALATAU CREATIVE HUB» жаңа шығармашылық кеңістігінде өтті. Тұсаукесерді Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Г. А. Майлибаев ашты, ол TURKSOY халықаралық ұйымы қызметінің маңыздылығын және кітаптарды қала оқырмандарының пайдалануына беруді атап өтті. Іс – шараға ҚР Жазушылар одағының төрағасы – Ұлықбек Есдәулетов, түркі, шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.