8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні

Алматы Кітапханалары барлық нәзік жандарды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтайды!

Сіздерді ару көктемнің алғашқы мерекесі — 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып, бақытты да баянды өмір кешіңіздер. Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, отбасыларыңызға құт-береке, ауызбіршілік пен тыныштық тілейміз!