Alatau Creative Hub орталығында «Махмұд Қашқари кітапханасы» түрік әдебиеттері кітап бұрышы ашылды

Түркия Республикасының 100 жылдығына орайластырылған бұл шараны Алматыдағы Түрік Республикасының Бас консулдығы, «TURKTAV» Түркі тарихы мен мәдениеті Қоры және Алматы Кітапханалары ұйымдастырды. «Махмұд Қашқари кітапханасы» кітап бұрышының ашылуы Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени алмасуды нығайтудағы маңызды қадам болып табылады.

Іс – шараға Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлибаев, Алматы Кітапханаларының директоры Мейрам Бектембаев, сондай-ақ Түркия Республикасынан келген қонақтар – Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулы Әли Рыза Ақынжы, Түркия Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік мұрағаттар дирекциясының директоры Угур Унал және басқа да өкілдер қатысты. Шара барысында орталықта Түркия Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік мұрағат ұсынған тарихи құжаттардың көрмесі ұйымдастырылды.

«Махмуд Қашқари кітапханасы» кітап бұрышында әдебиет, өнер, тарих, философия және ғылым тақырыптарын қамтитын 2 мыңнан астам түрік тіліндегі кітаптар бар. Өз кезегінде, Alatau Creative Hub оқу, өзін-өзі дамыту және идеялармен бөлісу үшін тамаша кеңістік болып табылады.