Алматы Кітапханалары алғаш рет оқырмандарды қашықтан тіркеу туралы бастама көтерді

Цифрлық технологиялар мен өмірдің жылдам даму дәуірінде кітап оқу мәдениетінің уақытпен қатар жүруі маңызды. Осы тұрғыда Алматы Кітапханалары «Ұлы Жібек жолы – 2023» халықаралық көрмесінде – оқырмандарды қашықтан тіркеу туралы инновациялық бастаманы ұсынды.
Көрме барысында өткен іс-шарада 500-ге жуық келуші арнайы сыйлықтар алды: танымдық кітап және комикс. 200 адам онлайн тіркеліп, Алматы Кітапханаларының оқырман билеттерін алды.
Алматы Кітапханалары қала тұрғындары үшін кітап оқуды ыңғайлы әрі қолжетімді ету үшін бұл жобаны қала ауқымында одан әрі белсенді түрде дамытуды жоспарлап отыр.