Алматы Кітапханалары мен Ұлттық кітапхана арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

А.П.Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханада Алматы Кітапханаларының басшысы Мейрам Бектембаевпен Ұлттық кітапхана директоры Бақытжамал Оспановамен кездесу өтті.

Ынтымақтастықтың маңызды бөлімдері мен кітапханалардың одан әрі дамуын талқылай отырып, өзара тиімді одақ құру туралы шешім қабылданды.

Мейрам Бектембаев әріптестеріне қазіргі қалалық кітапханалардың жетілдірілген жұмысын таныстырып, А.П.Чехов атындағы кітапхананың мысалында соңғы жетістіктерін атап көрсетті. Сонымен қатар, жаңа кітапхана технологияларының сәтті жұмыстарын белгіледі.

Бұл ынтымақтастықтың мақсаты –тиімді ақпарат алмасу, оқуды қолдау, дамыту жүйесін құру және бірлескен жобаларды жүзеге асыру.

Алдағы бірлескен жұмыста табыс тілейміз!