Алматы Кітапханаларында қала күнін мерекелеу
Қала күніне орай Алматы Кітапханалары Алматының бай мәдени мұрасы мен тарихи көрікті жерлері бар тұрғындар мен қонақтарды білуге бағытталған бірқатар іс-шараларын ұйымдастырды:
«Әсем қала, ару қала Алматы!» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайысқа қонақ ретінде Қожахметова Мағира Дәулетбекқызы, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консервоториясының шәкірттері, М. Дулатов атындағы мектеп-гимназия оқушылары және мәнерлеп оқу сайысына қатысушы №24 лицей, №124 ЖББМ оқушылары қатысты. Кеш барысында ән айтылып, Алматы жайында мәнерлеп өлең оқылды. Сонымен қатар, сайыс жеңімпаздарына арнайы мадақтама мен сыйлықтар берілді.
«Алатау аясындағы арман қала» әдеби-сазды музыкалық кеш өтті. Шараға белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаттары Әбубәкір Қайран, Болат Үсенбаев және жазушы, тарихшы, «Дарабоз» әдеби сыйлығының бас жүлдегері Әбділдабек Салықбай, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Әуезов аудандық филиалының төрағасы Ибраева Батима Сапиевна қатысты. №173 лицейдің «Шолпан» домбырашылар ансамбілі Құрманғазының «Балбырауын», Ә. Желдібаевтың «Ерке сылқым», Н. Тілендиевтің «Ата толғауы» күйлерін орындаса, ҚР Мәдениет қайраткері, еңбек ардагері Жағыпар Қасен, №13 мектеп-гимназиясының оқушылары мен №173 мектеп-лицейінің оқушыларының орындауында «Алматы жүрегімде», «Алматы түні», «Алматы кешінде» әндері шырқалды. №2 Алматы мемлекеттік Қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжі студенттері мен №72 Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының ақындардың Алматы туралы өлеңдерін оқыды.
“Сен өз қалаңды білесің бе?” Іс-шараға азаматтық авиация академиясының және “Аяжан” медициналық колледжінің студенттері қатысты. Бұл іс-шара жастарға туған қаласы туралы білімдерін көрсетуге және өз Отанына деген патриоттық сезімдерін көрсетуге тамаша мүмкіндік болды.
“Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі” Алматы метрополитенінің Жібек жолы бекетінде ұйымдастырылған атты кітап көрмесімен танысу өтті.
«Алматы – жүрегімдегі мәңгі қала» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Қонаққа «Ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдер газетінің редакторы Нармаханова Жадыра Аймаханқызы мен ақын Аслан Тлеген келді. Шараға №17 мектеп-интернатының 9-сынып оқушылары қатысты. Алматы қаласының тарихы мен мәдениеті поэзия және өнер арқылы таныстырылған мерекелік кеш өтті.
«Тарихқа толы Алматы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – Алматының тарихи мұрасын жаңа буынға таныстыру және қаланың мәдениетін сақтау мен дамытуға үлес қосу. Көрмеде Алматының тарихы мен мәдениетіне арналған түрлі жанрдағы кітаптар мен басылымдар ұсынылған.
«Қарт қала, мәрт қала – әсем қала Алматы» Алматы қаласының 170 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл ерекше шара қала тарихының 170 жылдық мерейтойына арналып, Алматының бай мұрасын, мәдениетін және тарихи кезеңдерін көрсетуге бағытталған.