АЛМАТЫ КІТАПХАНАЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЕУЛДЕ ОҚУДАН ӨТТІ
Алматы Кітапханалары мекемесінің 12 қызметкері Корея Республикасының астанасы Сеул қаласында болып, қалалық кітапханасында білім алып, тәжірибе алмасты. Тренинг «Мәдениет қазынасы: кітапханашыларға арналған оқырман нұсқаулығы» деп аталып Gachon University университетінің қолдауымен өткізілді. Онда Namsan Public Library, Starfield Library, Chung Ang University Library, Seoul Children Library, Seoul Women’s University Library сияқты кітапханаларды аралады.
Бұл сапардың мақсаты – мамандардың біліктілігін арттыру ғана емес, сонымен қатар Алматы Кітапханалары қызметкерлері мен Сеулдік әріптестері арасында өзара тәжірибе алмасу. Бұл іс-шара қаланың мәдени кеңістігін дамыту үшін жаңа перспективалар ашады.
Біліктілікті арттыру нәтижесінде әрбір қызметкер «Мәдениет қазынасы: кітапханашыларға арналған оқу құралы» бағдарламасы бойынша оқуды сәтті аяқтағаны туралы сертификат алды.
Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Майлыбаев Ғани Айдарұлы Алматы Кітапханаларының қызметкерлерімен жеке кездесті. Кездесуге қатысушылар өз әсерлерімен бөлісті және бұл оқыту болашақта олардың жұмысында қолданылатын кәсіби дағдыларын қалай байытқаны туралы айтты.
Алматы Кітапханаларының қызметкерлеріне алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!