«Алматы – мәдениет пен өнер ордасы»

13 – қыркүйек Қазақстан Жазушылар кітапханасында қала күніне орай «Алматы – мәдениет пен өнер ордасы»  тақырыбында мерекелік кеш өтті.

Іс-шараға ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Баян Бекетова, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Жастар сыйлығының лауреаты, желтоқсан ардагері Аманғазы Кәріпжанұлы, ақын, педагог-журналист, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әбубәкір Қайран, «Серпер» жастар сыйлығының иегері Ержан Жұмабек, Қазақ өнерінің қайраткері, кинорежиссер, әнші Ғазизхан Әділханов қатысты. «Әсем қала, ару қала Алматы!» атты кітап көрмесі, «Жазушымен жүздесу», «Сыйлыққа кітап ал» атты буккроссинг, «Таң қаламын келбетіңе, Алматым!» – жас суретшілердің көрмесі, «Шебер қолдар» – шеберлік сағаты, «Мың бояулы қала» – сурет байқауы, «Сүйікті қалам – Алматы!» асфальтқа сурет салудан жарыс, «Алтын сақа» спорттық ойындар (асық ойындары, арқан тарту, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, шеңбер айналу  т.б.) өтті.

Кеш соңында іс-шараға белсене қатысушылар марапатталды.