Алматы қаласы Мәдениет басқармасының «Алматы қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ (бұдан әрі – мекеме) » сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы «Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес 2024 жылғы 01 мамыр мен 30 мамыр аралығында басқарманың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланғанын хабарлайды:

– мекеменің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

– мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар болған жағдайда, 2024 жылғы 10 мамырға дейін ақпаратты электрондық поштаға жіберуді сұраймыз a.azanbayev@gmail.com, WhatsApp– +7 701 347-10-68 – (Аян Халельевич), мекеме әкімшілігі: 05000, Алматы қ., Гоголь к-сі, 109.

Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады. Құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі.

Сұрақтар туындаған жағдайда +7 (778) 567-71-07 (Жандос Жамбылұлы) телефоны бойынша хабарласуға болады.