Бегалин атындағы қалалық балалар кітапханасында қауіпсіздік бойынша нұсқаулық өтті

Бегалин атындағы қалалық балалар кітапханасында қызметкерлерге арналған «Террористік акт қаупінің және өзге де заңсыз әрекеттердің алдын алу» тақырыбында нұсқаулық өткізілді. Іс-шара барысында төтенше жағдай туындаған кезде әрекет ету тәртібі, қауіпсіздік шараларын сақтау және жауапкершілік мәселелері түсіндірілді. Нұсқаулықтың мақсаты – қызметкерлердің қауіпсіздік деңгейін арттырып, ықтимал қауіп-қатерлерге дайын болуын қамтамасыз ету.