«Dostyk Plaza» СОО-да сирек кездесетін кітаптардың бірегей көрмесі өткізілді

Алматы Кітапханалары «Dostyk Plaza» СОО-да сирек кездесетін кітаптардың бірегей көрмесін өткізді. Көрме сағат 10:00-де басталып, сағат 22:00-ге дейін жалғасты. Оның аясында автономды автоматтандырылған өзіне-өзі қызмет көрсететін кітапхананың жұмысы көрсетілді.
Қалалық кітапханалардың оқырманы болғысы келетіндерді Алматы Кітапханалары қызметкерлері қашықтан тіркеді.
Кітап үйірмесінде ұсынылған сирек кітаптардың ішінде Нәжми Қ., Мүсірепов Ғ., А. С.Пушкин, А. П. Чехов, Берг Р. Л., У. Шекспир, Жазылбек Қуанышбаев, Гете, Ы. Алтынсарин және т.б. авторлардың туындылары бар.

Үйірме 22-23 желтоқсан аралығында өткізілді.

Алматы Кітапханаларына қолдау білдіргені үшін @dostykplaza сауда үйіне өз алғысымызды білдіреміз!