“Кітапхана түні”

Балалар жылы аясында Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің филиалы – С. Бегалин атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында 2022 жылғы 14 қазанда “ЫМЫРТТАҒЫ КІТАПТАР” / “КНИЖНЫЕ СУМЕРКИ” түні өтті. Аталған іс – шараны ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және “ОнлайнҚазҚаржы” “Solva” ЖШС қолдады.
Бұл күні, 14 қазанда, Алматы қаласы ОКЖ-нің ең белсенді оқырмандары мен шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары үшін “Кітапхана түні” атты қызықты оқу және Кітап мерекесі өтті.