«Менің елім – Қазақстан» атты патриоттық мерекелік кеш

Қазақстан Жазушылар Кітапханасында қазан айының 19-ы күні Республика күніне орай «Менің елім – Қазақстан» атты патриоттық мерекелік кеш өтті.

Мерекелік кеште әскери курсанттардың және оқырмандардың орындауында “Туған жер”, “Отан”, “Атамекен” тақырыбындағы рух беретін патриоттық өлеңдер оқылып, әндер шырқалды, ұлт болмысы күмбірлеген күй тартылды.