МҰҒАЛІМДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА

4 қазан күні Алматы Кітапханалары №44 кітапхана-бөлімшесінде Мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Бұл біздің еліміздің білімі мен ғылымның дамуына зор үлес қосып жүрген барша ұстаздар қауымына деген құрмет пен ризашылық білдіру күні болды.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп данышпан ақын Абай айтқандай, мұғалімдер жас ұрпақтың мінезі мен адамгершілік құндылықтарды, санасын қалыптастыруда шешуші рөл атқарады.

Іс-шараға ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері жиналды. Қатысушылар ұстаздарға ерен еңбектері үшін өз ризашылықтарын білдіріп және тәжірибелерімен бөлісті.

Шара барысында музыкалық қойылымдар, ән-күйлер орындалды, өлеңдер оқылды. Қатысушыларға сыйлықтар және алғыс хаттар тапсырылды.