Музафар Әлімбаевтың құрметіне әдеби кездесу: шабыт пен шығармашылыққа 100 жыл

Қазақстан жазушылар кітапханасында жазушы, ақын, балалар әдебиетінің өкілі М.Әлімбаевтың туғанына  100 толуына орай «Мұзафар Әлімбаев және балалар әдебиеті» атты әдеби рандеву өтті. Атаулы шараға қатысушы «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубының тәрбиеленушілеріне кітапхананы таныстыру мақсатында экскурсия жүргізіліп, сурет көрмесі ұйымдастырылды. Презентация арқылы қаламгердің өмірбаяны таныстырылып, еңбектерін насихаттау барысында кітап көрмесіне шолу жасалынды.

Қатысушылар М.Әлімбаевтың шығармашылығынан алынған өлең жолдарын оқып өз өнерлерін көрсетті. Кешіміздің қонағы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын, балалар әдебиетінің өкілі Мағира Қожахметова қаламгер өмірінен сыр шертіп, балаларға арналған «Балбұлақ» журналын тарту етті. Шара барысында қатысушы балалардың білімін шыңдауға арналған мақал-мәтел, жұмбақ және сөзжұмбақ жасырылып, тартысты ойын өткізілді.

Кеш соңында балалар «Чему учать в школе», «Ұстаз-ана» әндерін орындап, көрермендер мен кітапхана қызметкерлеріне ұмытылмас әсер қалдырды. Кітапхана меңгерушісі Ағайса Елена Жамелқызы қорытынды сөз сөйлеп, қадірлі қонағымыз бен қатысушыларға ерекше алғысын білдірді.