Наурыз мерекесі аясында №30 кітапханада балаларға арналған іс-шара өтті

14 наурыз күні № 30 балалар кітапханасы №32 мектеп оқушыларымен бірлесіп Ұлыстың Ұлы күнін тойлауға арналған «Төрлет, Наурыз, салтанатты салтымыз» атты мерекелік кеш өткізді.

Шараның басты мақсаты – балалардың бойында отансүйгіштік сезімін оятып, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды ұғындыру болды.

Мереке барысында балалар ұлттық мәдениеттің ерекшеліктерімен танысып, дәстүрлі ойындар мен ойын-сауықтарды біліп, сонымен қатар дәмді ұлттық тағамдардан дәм татуға мүмкіндік алды.