“Қыран елім – Қазақстан!”

№ 14 кітапхана-бөлімшесінде Республика күніне орай “Қыран елім – Қазақстан!” атты мерекелік шара өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Отан туралы оқушыларға түсіндіру, патриоттық сезімдерін нығайтып, еңбекке, қайсарлыққа баулу.  М.Базарбаева атындағы №138 мектеп гимназиясының 4-сынып оқушылары ұлттық құндылықтарымыз бен Тәуелсіз мемлекетіміздің тарихымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған ойындарға қатысып, өз білімдерін сынап қайтты. Мерекелік шара оқушылардың Егемен елімізге арналған өлеңдерін оқып, кішігірім сыйлықтар табыстаумен қорытындыланды. Сонымен қатар, балалар кітапхананың кітап қорымен танысып, кеш үшін алғыстарын білдірді.