«Шәкәрім оқулары» республикалық байқауы өтті

27 наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында көрнекті ақын, ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына арналған «Шәкәрім оқулары» республикалық байқауы өтті. Алматы қаласындағы №39 гимназияның 5 сынып оқушысы Мысыр Ерназар ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы директорының мадақтау грамотасымен, смарт-сағаттарымен және алғыс хатымен марапатталды. Өңірлерде «Шәкәрім оқулары» Республикалық байқауын үздік ұйымдастырғаны үшін Алматы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі ҚР Мәдениет және спорт вице-министрінің алғыс хатымен және ұялы телефонмен марапатталды.