«Сөз ұлы, өлең өлшемек» қалалық іріктеу байқауы өтті

20 ақпанда Алматы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде ақын, ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай «Сөз ұлы, өлең өлшемек» қалалық іріктеу байқауы өтті. Байқауға қала мектептерінің 5-7 сыныптарында оқитын 20-дан астам оқушы қатысты.