Түркия Республикасының бас Консулымен кездесу
Бүгін Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Консулдықтың шақыртуымен, Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Мейрам Бектембаев Бас Консул Али Рыза Акынджымен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени байланыстарды дамыту жөнінде өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Атап айтқанда, Alatau Creative Hub орталығында түрік тілін үйрену бойынша тегін курстар, өзге бағыттар (музыка, ІТ-технологиялар және т.б.) бойынша оқыту курстарын ашуға уағдаласты.
Сонымен қатар, кітапханада түрік әдебиетінің бұрышы ашылады. Түрік халқының әдебиеті мен өнері жайында танысқысы келетіндердің барлығына қолжетімді болады. Кітапхана жүйесіне 2000 дана кітап Түркия Консулдығы сыйға тапсырады.