Әбдірұлы Ерлан.Идеал жігіт. Нағыз жігіт болудың 7 жолы

Бұл кітап — ұл тәрбиесіне уайымдап, «қалай ұлымды дұрыс тәрбиелеймін?» деген ата-анаға;
• өмірдің әртүрлі кезеңдерінен сүрінбей өтіп, айналасымен сауатты коммуникация құру арқылы табысқа жеткісі келетін ер азаматтарға;
• идеал жігіттің бойында қандай қасиеттер болатынын біліп, абьюзер, тирандардан аулақ болғысы келетін бойжеткендерге;
• жарымен дұрыс мәміле құрып, жұбайлық өміріне бақыт кіргізгісі келетін ерлі-зайыптыларға жол сілтейтін инструкция.