Дүкен Мәсімханұлы «Ұлт пен рух»

«Егемен Қазақ­станның» әрбір нөміріндегі өткен жылы жарық көрген қаламгерлер Ғарифолла Есімнің, Серік Негимовтің, Дихан Қамзабекұлының, Рақымжан Тұрысбектің, Гүлжаһан Орданың, Ерлан Жүністің, Жәнібек Әлиманның, Дүйсенәлі Әлімақынның, Маржан Әбіштің, Батырхан Сәрсенханның, Азамат Есенжолдың мақалалары талдау мәнерімен, суреткерлік тілімен, өзіндік баяндау стилімен көзге түсті. Бұл мақалаларда лирикалық шегіністерге, қаламгерлердің поэтикалық метафора тудырудағы қолтаңба ерекшеліктеріне айрықша ден қойылады.
Әділғазы Қайырбектің Сәбит Мұқанов және Ғабит Мүсірепов жайында жайында жазған әдеби-танымдық мақалалары жаңалығымен құнды.
Қазақ әдебиетімен шектелмей, әлемдік әдебиет­тің де айтулы, үздік туындыларын тосын қырынан, яғни ішкі көркемдік әлемін, поэтикалық қуатын, стильдік ерекшеліктерін, сюжет­тік құрылымын салыстыра қарастыратын осынау жарияланымдардың да маңызы ерекше. Бұл оқырманның танымын, талғамын қалыптастыруға қажет.
Көлемі шағын мақалалардың да өз айтары болады екен. Компьютерге басқанда бар болғаны екі-үш бет­тік дүниеде әдебиет­тің өткір мәселесі көтерілуі мүмкін. Осыны жоғарыда есімдері аталған әдебиетші қаламгерлердің қысқа-қысқа әдеби танымдық жарияланымдары дәлелдеді.
Жекелеген көркем туын­дыларды немесе жекелеген суреткердің шығармашылық тағдырын сөз ететін осынау мақалалар оқуға жеңіл әрі уақытыңды үнемдейді. Маған осынау әдебиетке арналған шағын, шымыр мақалалардың көркемдік сапасы, бейнелі тілі көбірек ұнады