Джеймс Барри «Питер Пән»

«Питер Пән» — шотланд драматургі Джеймс Мэтью Барридің шығармасы, әлемдік балалар әдебиетінің ең үздік туындыларының бірі. Бұл есейгісі келмейтін, үнемі балаң шақта уайым-қайғысыз жүретін және ұшатын тентек бала туралы таңғажайып ертегі. Ертегі болуына қарамастан, шығармада қолда барды қадірлеу, жақындарыңның сүйіспеншілігін бағалай білу, оларға мейірім мен қамқорлық көрсету тәрізді ересектерге тән маңызды мәселелер көрініс береді. Осы өте мейірімді ертегі кейде мұңды ойларға батырып, терең ойлануға жетелейді.

Шығарылған жылы: 2022

Беттер саны: 208