Еркін Шүкіман «Көзімнің қарасы»

Кітапқа ақын, ойшыл, композитор Абай Құнанбайұлының әндері мен күйлері жинақталып, нотаға түсіріліп берілген. Автор кітапта: «Абай – жеке стильдік ерекшелігі арқылы қазақ музыка тіліне жаңа бояу, тың түр, өзгеше өрнек, бөлек ырғақ қалыптастырған композитор» деп айшықты баға береді. Ғылыми тұрғыдан алғанда Абай мұрасын зерттеудің қолға алынғанына бір ғасырдан астам уақыт өтіпті. Бұл еңбектің ерекшелігі – ақынның сол жүз жылдан астам уақыттан бері жинақталып келген музыкалық мұраларының түпнұсқамен салыстырылып берілуі әрі мұрағаттағы материалдар негізінде кең ғылыми түсінік жасалуы.