Фрайер Сара.Фильтрсіз: Instagram тарихы

Instagram — 1 миллиард долларға бағаланған алғашқы мобильді қосымша. Bloomberg агенттігінің журналисі Сара Фрайер бұл кітабында ең танымал және қымбат қосымшалардың бірі Instagram-ның көпке беймәлім тарихын баяндайды. Instagram осындай таңғажайып жетістікке қалай жетті? Оның мәдениетке, бизнеске, саясатқа — әлемге тигізген әсері қандай? Қосымша осы деңгейге жетуде қандай кезеңдерді бастан кешірді? Автор осы сұрақтарға жауап іздей отырып, оқырманды оның қыр-сырымен таныстырады. Сара Фрайер Instagram тарихындағы ең жарқын сәттерді өзі сұхбаттасқан тұлғалардың естеліктері арқылы әсерлі жеткізген. Кітап көпшілік оқырманға арналған.