Франц Кафка «Қамал»

«Қамал» романы – көп қырлы әрі көп мағыналы шығарма. Одан антиутопияны да, тоталитарлық қоғам бейнесін де, мемлекет пен жеке тұлға арасындағы қайшылықтарды да көруге болады. Кафка бұл туындысында қабат қоршаған ортамен сыйыса бермейтін жеке тұлға проблемасы туралы сыр шертеді, өзіне бөтен сезілетін әлем туралы да қозғайды.