Йоханна Спири «Хайди»

«Хайди» хикаясы әлемдік балалар классикасының мойындалған шедеврі болып саналады. Бұл – Швейцария тауларында атасымен бірге тұратын кішкентай қыздың өмірі туралы хикая. Ол алғаш рет 1881 жылы жарық көргеннен-ақ тез танылып, көптеген еуропалық тілдерге аударылған және бірнеше рет қайта басылып шыққан. Хайдидің тарихы тоғыз рет экранға шығарылған (ең танымал фильм 1937 жылы шыққан). Мейірімді Хайди үнемі айналасына шуағын шашып жүреді, содан өзін бақытты сезінеді. Осылайша ол кішкентай оқырмандарын мейірбан, кеңпейілді болуға, адамгершілікке тәрбиелейді.

Беттер саны: 316

Шығарылған жылы: 2022жыл