Ким Тэ Юн. Қиын жерге бар. Ішкі күшке жетудің 7 қадамы

Ким Тэ Юн әйелдерге жекпе-жек өнерімен айналысуға тыйым салған мыңжылдық корей дәстүрін бұзып, өзі жоғары деңгейдегі жауынгер атанып қана қоймай, жекпе-жек мектебін де ашты. Кимнің сенімі бойынша, жынысына немесе ұлтына қарамастан, әр адам кез келген мақсатына жете алады. Бұған кедергі болатын жалғыз нәрсе — ішкі ұстанымдарымыз: қорқыныш, өз күшіне сенбеу, өзгелердің пікіріне тәуелділік және өзін қолға ала алмау. Ойлау шектеулерінен арылу үшін Ким ежелгі чунсувон өнеріне жүгінуді ұсынады. Бұл — ақыл-ойды, дене мен рухты дамытуға бағытталған қағидалар мен тәжірибелер жиынтығы. Бар болғаны 7 қадам арқылы сіз ойлар мен эмоцияларды бақылау әдістерін меңгеріп, әлсіз тұстарыңызды артықшылыққа айналдыруды үйренесіз және дүниеге келген сәттен бастап бойыңызда бар күшті еркіндікке шығара аласыз.